2010 жылы жекешелендіруге және оның алдын ала жүргізілетін кезеңдеріне жататын Шығыс Қазақстан облысы коммуналдық меншік объектілерінің тізбесі туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 383 қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 11 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Жекешелендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандары әкімдерінің, сондай-ақ облыстық басқармалардың қолдаухаттары негізінде, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2010 жылы жекешелендіруге және оның алдын ала жүргізілетін кезеңдеріне жататын Шығыс Қазақстан облысы коммуналдық меншік объектілерінің қоса беріліп отырған тізбесі (бұдан әрі-Тізбе) бекітілсін.
2. «Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (А.Ә. Құрманғалиев) заңнамамен белгіленген тәртіпте Тізбеде көрсетілген объектілерді жекешелендіру және оның алдын ала кезеңдері жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.С. Әбденовке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Б. Сапарбаев |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2010 жылғы 15 ақпандағы
№ 383 қаулысымен бекітілген
2010 жылы жекешелендіруге және оның алдын ала жүргізілетін кезеңдеріне жататын
Шығыс Қазақстан облысы коммуналдық меншік
объектілерінің тізбесі
| № р/с | Объектінің атауы | Объектінің орналасқан жері мен балансұстаушысы |
| 1 | 2 | 3 |
| 1 | ГАЗ-3110 автомобилі, м/н F 061 АА, 1999 жылы шыққан | Өскемен қаласы, К. Либкнехт көшесі, 19, «Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
| 2 | ЛАЗ 699 р, автобусы, м/н F 518 РА, 1988 жылы шыққан | Өскемен қаласы, Головков көшесі, 38/40, «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік филармониясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны |